02 мамыр 2021 09:49

"Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасында "Барселонадан" алғаш рет жеңілді

Фото: inastagram.com/afckairat

Футзалдан Чемпиондар лигасының жартылай финалында алматылық "Қайрат" испаниялық "Барселонадан" жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футзалдан Чемпиондар лигасының жартылай финалында алматылық "Қайрат" испаниялық "Барселонадан" жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Хорватиялық Задарда өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. "Қайрат" сапында Диего Фаверо (25-минут) мен Фернандиньо (36) гол соқты, ал "Барселона" сапынан Феррао (16, 21, 33) хет-трик жасады.

Бұған дейін "Қайрат" пен "Барселона" үш рет кездескен, үшеуінде де қазақстандық команда жеңген болатын. 

Реклама
Реклама

Енді финалда "Барселона" Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан ойнайтын португалиялық "Спортингпен" кездеседі. Тайнанның командасы жартылай финалда испаниялық "Интерді" 5:2 есебімен жеңген, қазақстандық ойыншы бір гол соққан болатын. Финал 4 мамырға қараған түні өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram