21 қазан 2022 08:54

Қазақ футболының ардагері дүниеден озды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда футбол мектебінің түлегі алғаш рет 17 жасында "Автомобилист" командасының сапында жасыл алаңда жарқылдап, жанкүйерлердің жүрегін жаулады.

Сұлтан Мұрашұлы қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден аса ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар, алматылық "Қайраттың" сапында ойнады. 

Реклама
Реклама

Ойын мансабын аяқтаған соң "Қайрат" командасын басқарды. Әрі қарай партия мен дипломатия қызметіне ауысып, әр жылдары ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Мәжіліс аппараты жетекшісінің орынбасары, ҚР Президент әкімшілігінде қызмет атқарды.

"Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Отандық футбол жанкүйерлерінің жадында Сұлтан Әбенов туралы естелік мәңгі сақталмақ", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram