23 қыркүйек 2022 11:02

Қазақстан құрамасының киім ауыстыратын бөлмесінде түсірілген видео пайда болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасында Беларусь құрамасын жеңгеннен кейін, құраманың киім ауыстыратын бөлмедегі видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасында Беларусь құрамасын жеңгеннен кейін, құраманың киім ауыстыратын бөлмедегі видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық құрам бұл матчта 2:1 есебімен жеңіске жетіп, C дивизионының 3 тобында бірінші орынға ие болды.

Футболшылар тарихи жетістікті эмоцияға беріліп атап өтті. "Мықты команда кім?"- деді қақпашы Игорь Шацкий.  "Қазақстан", - деп жауап берді командаластары оған.

Реклама
Реклама

Магомед Адиевтің командасы В дивизионына көтеріліп, Еуро-2024 ойынына жолдама ала алатын Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді.

Еске салайық, бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының тобында мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, тарихи жетістікке қол жеткізгенін хабарлаған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram