Қазақстандық балуан салмақ дәрежесін ауыстырып, жаңа атаққа ие болды

Айнұр Қапышова Корреспондент
Қазақстандық балуан салмақ дәрежесін ауыстырып, жаңа атаққа ие болды Фото: United World Wrestling

Қазақстанның еркін күрестен түңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ел чемпионатында жеңіске жетті, бұл жолы ол жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Қазақстанның еркін күрестен түңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ел чемпионатында жеңіске жетті, бұл жолы ол жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Таразда өтіп жатқан U-23 турнирінде Қазақстан чемпионы 125 келіден астам ең ауыр салмақ дәрежесінде белдескен.

Соңғы жарыстарында 97 келі салмақ дәрежесінде күрескеніне қарамастан, Айтмұхан барлық қарсыласын сенімді түрде жеңіп, жаңа атаққа ие болды.

Реклама
Реклама

Чемпионның бапкері Дархан Бейсенов салмақты ауыстыру Рамазан айына байланысты екенін түсіндірді.

"Мақсатымыз 97 келі салмақта күресу, бірақ 125 келіде бақ сынау мүмкіндігі болды, біз оны пайдалана білдік. Ең бастысы 97 келіде Азия ойындарына іріктеуге қатысу. Біз ауыр салмақта бұрын күрескенбіз, екі жыл бұрын Нұркен Әбдіров турнирінде жеңіске жеттік. Оразаға байланысты салмақ түсіру сәл қиындау болды, сондықтан осындай шешім қабылдадық", - деді бапкер.

Спортшының өзі бірінші кезекте Азия және әлем чемпионаттарына, сондай-ақ Азия ойындарына дайындалатынын айтты.

Ел чемпионатының финалында Айтмұхан Ақтөбеден келген U-23 Азия чемпионатының қола жүлдегері Әлімжан Сәлімжанды жеңді.

Тараздағы турнирде жеңіске жеткені үшін спортшы 500 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Ризабек Айтмұхан — тарихи әлем чемпионы

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы еркін күрестен Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанды. Сол кезде 18 жастағы балуанның салмақ дәрежесі 92 келіге дейін болды.

Кейін Ризабек салмақ дәрежесін ауыстырды, себебі олимпиадалық салмақ 97 келі. Осы салмақ дәрежесінде қазақ балуаны екі рет Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама