29 қаңтар 2023 09:02

Қазақстандық дзюдошылар Алмадада өткен Әлем турында алтын және күміс медаль жеңіп алды

Атыраулық дзюдошы Абиба Әбужақынова Португалияның Алмада қаласында өткен Әлем турында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық дзюдошы Абиба Әбужақынова Португалияның Алмада қаласында өткен Әлем турында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Әбужақынова жерлесі Ғалия Тынбаевамен кездесіп, жеңіске жетті.

Мұндай деңгейдегі жарыста қазақстандық әйелдер арасындағы финал тарихта алғаш рет өтті. Спортшыларға медальдарды Халықаралық дзюдо федерациясының бас директоры Влад Маринеску табыс етті.

Реклама
Реклама

25 жастағы Әбиба Әбужақынова былтыр Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Абу-Дабидегі "Үлкен дулыға" турнирінің қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram