22 қаңтар 2023 10:00

Қазақстандық файтер жеңіліп көрмеген бразилиялықты буындыру әдісімен жеңді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстандық UFC үміткері Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялықты буындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық UFC үміткері Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялықты буындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда аралас жекпе-жектен өтіп жатқан Octagon 39 турниріндегі басты жекпе-жекте Азат Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрицио Нуньес (8-0) кездесті.

А.Мақсұм жекпе-жекті белсенді бастап, бірінші раундтың соңына 10 секунд қалғанда қарсыласын буындыру әдісімен жеңді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазақстандық спортшы былтыр әлемнің белді промоушені - UFC-дегі дебюдті жекпе-жек өткізудің аз-ақ алдында тұрған еді. Алайда қолы сынып, Американың аталған ұйымымен келісімшартқа қол қоюды кейінге қалдыруға тура келді. Азат Мақсұмның командасы оның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өтуі мүмкін екендігін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram