ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 тамыз 2022 08:53
Қазақстандық футболшы бір матчта 7 гол соқты
"Тұран" жастар командасының ойыншысы Бақдәулет Зүлфиқаров "Aqtobe City" клубына қарсы ойында 7 гол соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екінші лиганың матчы 7-1 есебімен "Тұранның" пайдасына аяқталды, алаң иелері сапындағы барлық голды түркістандық команданың 21 жастағы шабуылшысы соқты.
Зүлфиқаров "Тұранның" негізгі құрамында үш ойын өткізді - біреуі ҚПЛ-да және екеуі ел кубогында.
Еске салайық, өткен маусымда Бақдәулет Беларусьтің "Энергетик-БГУ" клубында өнер көрсетіп, төрт матчта бір гол соққан болатын. Қазақстанның бірінші және екінші лигаларында "Академия Оңтүстік" пен "Қыран" командаларында ойнаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу