Қазақстандық Мадина Бақбергенова күрестен Азия чемпионы атанды

Қазақстандық Мадина Бақбергенова күрестен Азия чемпионы атанды Мадина Бақбергенова. Фото спортшының Instagram-парақшасынан алынды

Қазақстандық балуан Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰОК-ке сілтеме жасап. 

68 келіде белдескен Мадина Бақбергенова финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері Мейірім Жұманазарованы жеңді. Финалда Мадина 2:1 есебімен жеңіліп тұрып, белдесу соңына қарай ұтымды әдіс жасап, есепті алға жылжытты. Нәтижесінде, белдесу соңында отандасымыз қарсыласынан 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды. 

Айта кетейік, күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатыр. 
 

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама