Қазақстандық спортшы EFC турнирінің чемпионы атанды

Елордада Eagle Fighting Championship аралас жекпе-жек лигасының 50-турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордада Eagle Fighting Championship аралас жекпе-жек лигасының 50-турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Турнирде қазақстандық Дияр Нұрғожай (7-0) мен ресейлік Константин Андрейцев (17-14) кездесу өткізді.

Бәске бос тұрған EFC белбеуі тігілді. Бес раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандық файтер Дияр Нұрғожаевтың жеңісімен аяқталды.

Реклама
Реклама

Осылайша, Дияр Нұрғожай кәсіби мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, Eagle Fighting Championship турнирінің жеңімпазы атанды

Дияр Нұрғожаев үшін бұл Хабиб Нұрмағамбетовтің промоушеніндегі төртінші жекпе-жек. Кәсіпқой мансабында сегіз жекпе-жек өткізген ол бірде-біреуінде жеңіліп көрмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная