09 қыркүйек 2022 | 14:16

Кез келген жағдайға дайынмын: Головкин Канеломен жекпе-жегі туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Боксшы Геннадий Головкин 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өткізгелі отырған мексикалық Сауль Канело Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Боксшы Геннадий Головкин 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өткізгелі отырған мексикалық Сауль Канело Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Күрес жоспарым мен стратегиям бар. Жекпе-жек екі боксшыдан тұрады. Канело ең алдымен не ұсынатынын көрейік. Мен кез келген жағдайға дайынмын. Ол жақын қашықта жұдырықтасқысы келсе, солай болады, ол алыс қашықты көздесе, алыстан болады. Бұл жекпе-жекті екі спортшы жасайтынына сенімдімін. Жекпе-жекте әртүрлі бөлікте кім жақсы көрінетінін көрейік", - деді Головкин The Fight with Teddy Atlas подкасында.

Сондай-ақ, GGG қазіргі жаттықтырушысы Джонатан Бэнкс пен бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчестің жұмысын салыстырды. 2019 жылғы сәуірде Головкин тоғыз жылдық ынтымақтастықтан кейін Санчестен кетіп, Бэнксті өзінің жаңа тәлімгері ретінде таңдаған.

Реклама
Реклама

"Бұл екі жекпе-жекті үшінші жекпе-жекпен салыстыру дұрыс болмайды, өйткені уақыт әртүрлі. Менің екі жаттықтырушымның қадір-қасиетін төмендеткім келмейді, олар - мен үшін өте жақсы мамандар", - деді ол.

Еске салайық, Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте өтеді. Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Бұған дейін олардың жекпе-жегінің біріншісі даулы тең нәтижемен аяқталса, екіншісінде төрешілердің шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жеткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная