ПОДЕЛИТЬСЯ
09 мамыр 2022 | 10:23
Костя Цзю Канелоның жеңілу себептерін атады
Жартылай орта салмақтағы бұрынғы талассыз әлем чемпионы Константин Цзю мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес ресейлік Дмитрий Биволмен болған жекпе-жекте өзінің қабілетін асыра бағалағанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бивол Альваресті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, WBA Super нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғады.
"Дима жекпе-жек барысында өзін өте керемет ұстады. Тактиканы жүзеге асырып, командамен нақты жұмыс істеді. Жекпе-жек барысында өзін байсалды ұстады. Ал Канело бәрі оңай болады деп ойлап еркінсіп кетті. Оған қоса, оның дайындығы жақсы болмағаны көрініп тұрды, және салмақ басқаша. Альварес өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалады. Егер реванш болса, Канело жеңуі мүмкін, ол керемет боксшы. Тек оған басқа техника мен тактика керек", - деді РИА Новостиге Цзю.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также