Махмуд Сабырхан бокстан әлем чемпионатында қарсыласын ойсырата жеңді

instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/16 финалында мексикалық Брайан Оуэн Ортисті жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/16 финалында мексикалық Брайан Оуэн Ортисті жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/16 финалында Махмуд Сабырхан мексикалық қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы Украина мен Косово боксшылары арасындағы жекпе-жектен кейін белгілі болады.

Реклама
Реклама

Төрехан Сабырхан да әлем чемпионатының 1/16 финалында Алжир боксшысы Юсеф Ислам Яишті жеңді.

Ал Виктория Графеева чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, косоволық Донета Садиканы ұтты.

Сондай-ақ, Бейбарыс Жексен 1/16 финалда Филиппин боксшысы Джунмилардо Огайрені жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама