ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2021 | 10:51
"Мен қазақ болсам..." - Қазақстан құрамасының бапкері футзалдан ӘЧ-дегі тарихи жетістік туралы
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Кака шәкірттері әлем чемпионатының ширек финалында Иран құрамасын жеңгеннен кейін ойын туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан. Кака шәкірттері бірінші таймнан кейін 0:2 есебімен жеңіліп жатқан, бірақ бар күш-жігерін жинап, жеңіске жеткен болатын.
"Командада осындай мықты спортшылары бар кез келген адам жаттықтырушы бола алады деп ойлаймын. Бұл олардың еңбегі, олар қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Ел мықты спортшыларының жеңісі үшін мақтануы керек. Мен қазақ болсам осындай спортшыларды мақтан тұтар едім", - деді Кака матчтан кейін.
"Сенсация". Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады
Қазақстан құрамасы финалға шығу үшін Португалиямен ойнайды, матч 30 қыркүйекте өтеді. 1/2 финалдағы екінші жұп Бразилия мен Аргентина болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также