"Мен қазақпын". Теннисші Александр Бублик үн қатты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
"Мен қазақпын". Теннисші Александр Бублик үн қатты Александр Бублик. Фото ©REUTERS

Қазақстандық теннисші Александр Бублик азаматтығын ауыстыру және ұлттық командадағы болашағына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик азаматтығын ауыстыру және ұлттық командадағы болашағына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Бублик қазақстандық құрамаға Дэвис кубогының финалдық турниріне шығуға көмектескен, енді ол өзінің болашағы туралы айтты.

"Менде енді ресейлік төлқұжат жоқ, себебі қос ел азаматы бола алмаймын. Ресейдің теннис федерациясына еш қатысым жоқ. Мен қазақпын, бұл ел үшін алты жыл ойнап келемін. Дэвис кубогі, Азия және Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан шығатыныма мақтанамын", - деп береді теннисшінің сөзін Eurosport.de.

Реклама
Реклама

Ұлыбританияның лаун теннис қауымдастығы (LTA) ресейліктер мен беларусьтерге Уимблдон-2022 және басқа да турнирлерге қатысуға тыйым салды. Бублик бұл шешімге пікір білдірді.

"Мен бұл дұрыс па, жоқ па айта алмаймын. Бұл үкімет пен ұйымдастырушылардың шешімі. Олар бұған құқылы. Мен спорт пен саясат араласпауы керек деген ойдамын. Спорт - жанкүйерлер белгілі бір ойыншыны немесе команданы бақылау үшін қажет. Қазір бұған қол жеткізе алмай отырған жанкүйерлер үшін өкінемін", - деді қазақстандық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама