05 қараша 2021 12:56

Месси Чемпиондар лигасында жеңіске жететін үміткерлерді атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

"Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Лионель Месси биылғы чемпиондар Лигасында жеңіске жетуі мүмкін деген жеті үміткерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі International Business Times басылымына сілтеме жасап.


"Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Лионель Месси биылғы чемпиондар Лигасында жеңіске жетуі мүмкін деген жеті үміткерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі International Business Times басылымына сілтеме жасап.

Месси өзінің клубы биылғы Чемпиондар Лигасындағы жеңіске басты үміткерлердің бірі екенін айтты. "Алтын доптың" алты дүркін иегері биылғы Лигада "ПСЖ" жеңімпаз болатын жалғыз үміткер емес екенін, жеңіске жетуі мүмкін кем дегенде жеті мықты қарсылас команда барын ескертті.

"Біз басты үміткерлердің біріміз, бірақ жалғыз үміткер емеспіз. Барлығы "ПСЖ" ойыншылары туралы көп айтады, бірақ басқа клубтарда да көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан жақсы ойыншылар көп. Мысалы, "Манчестер Юнайтед"," Манчестер Сити", "Бавария", "Ливерпуль", "Атлетико" және "Челси". Чемпиондар Лигасын жеңе алатын көптеген клубтар бар, бұл өте қиын дода. Ең мықты деген команда әрдайым жеңе бермейді. Жеңіске жету көп нәрсеге байланысты, биыл басқа команда жеңіске жетуі де мүмкін. Біз, әрине, үміткерлердің біріміз", - деді Месси.

Еске салайық, 5 тамызда "Барселона" Мессидің кететіні туралы хабарлады. Бұл испан лигасының ережесінде көрсетілген қаржылық және құрылымдық кедергілерге байланысты болды. Ол 10 тамызда  "ПСЖ"-мен "2+1" схемасы бойынша келісімшарт жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети