Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Айнұр Қапышова Корреспондент
Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионатының ширек финалына шықты Фото: olympic.kz

Қазақстандық әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов Ұланбатырда (Моңғолия) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ұлттық құрамаға алғашқы жеңісті сыйлады, деп хабарлайды Tengri Sport.

Қазақстандық әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов Ұланбатырда (Моңғолия) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ұлттық құрамаға алғашқы жеңісті сыйлады, деп хабарлайды Tengri Sport.

Қазақстандық спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында өнер көрсетті. Асылқұловтың қарсыласы филиппиндік Пол Джулифер Баскон болды.

"Отандасымыз жекпе-жек бойы қарсыласын қашықтықта ұстап, соққыларымен күтіп алып отырды. Нәтижесінде Оразбек 5:0 есебімен басым түсті", - деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

Реклама
Реклама

Оразбек Асылқұлов былтыр Дубайда 57 келіге дейінгі санатта IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатын жеңіп алып, кейін ауырлау салмаққа ауысты.

Еске салайық, бокстан Азия чемпионаты 30 наурызда басталды, алғашқы екі күнде Қазақстаннан үш қатысушы жарыс жолынан шығып қалды.

Жазира Орақбаева 51 келіге дейінгі салмақта алғашқы жекпе-жегінде жарақат алып, жарысты аяқтады, ал 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова Үндістан спортшысы Притиға төрешілер шешімімен жол берді. Кеше, 31 наурызда, 60 келіге дейінгі санатта Римма Волосенко да төрешілер шешімімен жеңілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама