26 мамыр 2022 | 07:21

Промоутер Биволдың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволдың (20-0, 11 KO) келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты, - деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволдың (20-0, 11 KO) келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты, - деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Барлығыңыз жақсы білесіздер, Канело қыркүйекте қарсылас ретінде Геннадий Головкинді таңдады. Енді Биволға бұл уақытты бос жіберуге болмайды. Мен оған Джошуа Буатсиді ұсынар едім. Лондон қаласында. Егер биыл Дмитрий дайын болса, Джошуа Буатси бірден келісім береді. Өйткені, ол чемпиондық белбеуді аңсап жүр", - деп келтіреді Хирннің сөзін BoxingScene порталы. 

Еске салайық, Бивол соңғы кездесуін 8 мамыр күні Лас-Вегас қаласында мексикалық Сауль Канело Альвареске қарсы өткізді. Бұл айқас 12 раундқа созылды. Оның қорытындысы бойынша төрешілер 115:113 есебімен жеңісті ресейлік боксшыға берді. Осылайша, Бивол чемпиондық белбеуін қорғап, карьерасында 20-жеңісіне қол жеткізді. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная