24 қаңтар 2023 | 09:51

Рыбакина Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнда өтіп жатқан Australian Open – 2023 турнирінің жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда латвиялық спортшы Елена Остапенкодан айласын асырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнда өтіп жатқан Australian Open – 2023 турнирінің жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда латвиялық спортшы Елена Остапенкодан айласын асырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 сағат 21 минутқа созылған ойында Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте-ақ жеңіп шықты. Бірінші сетте 6:2 есебімен басым түссе, екінші сетті 6:4 есебімен аяқтады.

Жартылай финалда отандасымыз Джессика Пегула (АҚШ) және Виктория Азаренко (Беларусь) арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Реклама
Реклама

Тарихи жетістік, Елена Рыбакина – Australian Open жарысының жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші. Өзінің мансабында да осы жарыстың жартылай финалына алғаш рет шығып отыр. Бұған дейін "Үлкен дулыға" санатына енетін "Уимблдон" жарысында топ жарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная