03 шілде 2023 | 09:18

Рыбакина Уимблдонда чемпиондық атағын қорғау алдында мәлімдеме жасады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

Қазақстанның ең мықты теннисшісі, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдонда чемпиондық атағын қорғауға дайын екендігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның ең мықты теннисшісі, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдонда чемпиондық атағын қорғауға дайын екендігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

3-шілдеде Лондонда өтетін "Үлкен шлем" турнирі басталады.

"Мұнда қайтып оралғаныма өте қуаныштымын, мен үшін барлығы кеше ғана болған секілді. Сондықтан мен мұнда қайта келгеніме өте қуаныштымын. Өткен жылдың ең жақсы естелігі - финал мен әрине, марапаттау рәсімі болды. Сол күні мен командаммен бір сағаттай бірге болдым сосын біз қуанышты атап өттік. Менің ойымша, қалған екі аптада тек турнирде ойнадым.

Биыл ойындарда бәрі басқаша болды. Мен Аустралия ашық біріншілігінің финалында ойнадым, онда Уимблдонда алған білімім мен тәжірибемді қолдандым. Енді мен турнирлерден не күтетінімді білемін. Психологиялық тұрғыдан алғанда, жеңіске дейін мұндай қиындықтарды білмеген жақсырақ", - деді Рыбакина.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная