17 қараша 2021 | 17:36

Самбодан әлем чемпионатында Қазақстан 10 медаль жеңіп алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:sambo.sport

Ташкентте өткен самбодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алып, командалық есепте төртінші орын иеленді. Алғашқы үштікте Ресей, Өзбекстан және Беларусь командалары болды, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ташкентте өткен самбодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алып, командалық есепте төртінші орын иеленді. Алғашқы үштікте Ресей, Өзбекстан және Беларусь командалары болды, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап.

Өзбекстанда өткен жарысқа әлемнің 51 елінен спортшылар қатысты. Спорттық және жауынгерлік самбодан, әйелдер арасындағы самбодан мықтылар анықталды. Бұл турнир Халықаралық Олимпиада комитеті тәртіпті мойындағаннан кейін өткізілген бірінші турнир болды.

Алтынды әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Гүлдана Әлмұханбетова, ерлер арасында 64 келіге дейінгі салмақта Рахат Жәниет жеңіп алды.

Реклама
Реклама

Үш күмісті Мәди Райхан (98 келіге дейін), Ажар Саликова (65 келі) және Ділдәш Күрішбаева (72 келіге дейін) иеленді.

Қола жүлде Болатбек Райымқұловқа (58 келіге дейін), Айдын Дартаевқа (79 келіге дейін), Нұркен Домбаевқа (58 келіге дейін), Әділбек Сейісовқа (64 келіге дейін) және Умар Янковскийге (88 келіге дейін) бұйырды.

Самбо КСРО-да 1938 жылы пайда болды. Ол қарусыз өзін-өзі қорғау техникасына негізделген. Биылғы жылдың 20 шілдесінде ХОК алғаш рет самбоны олимпиадалық спорт түрі ретінде мойындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная