28 қыркүйек 2021 08:42

"Сенсация". Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Футзалдан Қазақстан құрамасы. Фото kff.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасының жеңісін сенсация деп атап, спортшыларды жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасының жеңісін сенсация деп атап, спортшыларды жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы құттықтауын Twitter-де жариялады.

"Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына сәттілік тілеймін!", - деп жазды Тоқаев. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы Иранмен ойнап, 3:2 есебімен жеңіске жеткен.

Финалға шығу үшін енді олар Португалиямен күш сынасады, матч 30 қыркүйекте өтеді. 1/2 финалдағы екінші жұп Бразилия мен Аргентина болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram