ПОДЕЛИТЬСЯ
27 наурыз 2023 | 08:58
Шахмат федерациясы Әбдімәлік пен Асаубаева арасындағы жанжалға пікір білдірді
Қазақстан шахмат федерациясы өкілдері танымал шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан шахмат федерациясы өкілдері танымал шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Федерация өкілдері қазақстандықтар Нью-Делиде әйелдер арасында шахматтан Гран-при турнирін ұйымдастыру мәселесін қызу талқылап жатқанын атап өтті.
"Қазақстан шахмат федерациясы осы турнирге қатысты барлық мәселе ФИДЕ мен Үндістандағы турнирді ұйымдастырушыларының құзырында екенін айтуды жөн санайды. Федерация өз тарапынан қазақстандық спортшыларға қолдау білдіреді және әлемде әйелдер арасындағы шахмат турнирлерін ұйымдастыру деңгейі арта түседі деп үміттенеді. ҚШФ ФИДЕ және басқа да мүдделі тараптармен осы жайтты талқылап жатыр.
Шахматтан еліміздің әйелдер құрамасы - отандық спорттың мақтанышы болып табылады. Біздің атақты шахматшыларымыз бір сәттік келіспеушіліктерді шеше алатынына және өз жанкүйерлерін жаңа жеңістерімен қуанта беретініне сенімдіміз. Ол үшін Федерация барлық қажет жағдайды жасайды", - делінген федерация хабарламасында.
Еске салайық, қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік Нью-Делиде (Үндістан) шахматтан Гран-при турниріндегі жағдайға байланысты жанжалдасып қалған болатын.
Блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Instagram әлеуметтік желісінде халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлікті өзімшілдік пен кәсіпқойлығына қатысты қатаң айыптаған жазбасын жариялады. Бұған Жансая Әбдімәлік жауап берген еді. Ол Бибісара Асаубаеваның өзіне қарсы айтқандарына мән бермеуге тырысқанымен, "тойтарыс беретін кез жеткенін" жазды.
Артынша, Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович Үндістанда өткен әйелдер Гран-приінің 11 қатысушысына жергілікті ұйымдастырушылар жіберген қателіктер үшін кешірім сұрап, хат жолдады. Қазақстандық Жансая Әбдімәлік хат жолданған шахматшылар қатарында жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также