17 тамыз 2022 | 08:50

Шардаралық армрестлингтен әлемнің 26 дүркін чемпионын жеңгеннен кейін пәтерлі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© instagram/shardara.armsport

Шардаралық (Түркістан облысы) армрестлингші Қыдырғали Оңғарбаевқа әлемнің 26 дүркін чемпионы Джон Брзенкті жеңгеннен кейін екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шардаралық (Түркістан облысы) армрестлингші Қыдырғали Оңғарбаевқа әлемнің 26 дүркін чемпионы Джон Брзенкті жеңгеннен кейін екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR телеарнасына сілтеме жасап.

"Пәтерді ұстазым әрі бапкерім - Түркістан облысы армрестлинг федерациясының президенті Арман Қарсыбаев Shardara Armsport командасымен бірге сыйға тартты", - деді спортшы.

Мен үйдің кенжесімін. Сондықтан ата-анаммен бірге тұрамын. Сыйлыққа пәтер  алғанда таңғалдым", - деп қосты Оңғарбаев.

Реклама
Реклама

Телеарна мәліметінше, Қыдырғали бақытты әке, сүйікті жар. Шардарада жеткіншектерді жаттықтырады. Енді Қыдырғали армрестлингтен әлем чемпионатына дайындалып, өз елінің намысын әлемдік деңгейде қорғағысы келеді.

Еске салайық, 6 тамызда Ыстамбұлда өткен Шығыс пен Батыс халықаралық турнирінде 27 жастағы Қыдырғали Оңғарбаев армрестлингтің аты аңызға айналған америкалық 58 жастағы Джон Брзенкті 3:1 есебімен жеңген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная