26 қараша 2021 | 09:53

Шавкат Рахмонов Чимаевпен жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© instagram

UFC промоушеніндегі қазақ файтер Шавкат Рахмонов журналист Игорь Лазоринге Instagram-да берген сұхбатында тегі шешен швециялық спортшы Хамзат Чимаевпен жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

UFC промоушеніндегі қазақ файтер Шавкат Рахмонов журналист Игорь Лазоринге Instagram-да берген сұхбатында тегі шешен швециялық спортшы Хамзат Чимаевпен жекпе-жек өткізу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маған оқырмандарым күнде жазады: "Чимаевпен қашан жекпе-жек өткізесің? Сындыр оны!" деп. Мен айтамын: "Асықпаңдар, уақыты келеді, айқасамыз. Ол қазір ілгерлеп кеткен - оны жекпе-жекке шақыру қайда маған? Әрине, ол хайпта, жақсы көтерілді. Мен ештеңеден қорықпаймын, бірақ, бос сөзді ұнатпаймын. Шынымен, мүмкіндік болғанда кездесеміз.

Иә, ол соңғы жекпе-жегінде өзін жақсы көрсетті. Жақсы белдеседі, ал соққы жасау жағын білмеймін - әзірге онысын аса көрсетіп жүрген жоқ. Бірден аяққа кіреді. Ол тік тұрып қалай жұдырықтасатынын көргім келеді - өткізіп алып, жауап беріп дегендей - міне, сол қызық. Тағы бір-екі айқаста жеңсе, чемпиондық жекпе-жекке шыға алады", - дейді Шавкат Instagram арқылы журналист Игорь Лазоринге. 

Реклама
Реклама

Рахмонов UFC турнирінде екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Үшінші жекпе-жегі 5 ақпанда Лас-Вегаста өтеді. Қарсыласы гайаналық - Карлстон Харрис.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная