07 желтоқсан 2021 | 10:10

Тағы бір ел Бейжің Олимпиадасына дипломат жіберуден бас тартты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©REUTERS

Жаңа Зеландия билігі Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиадаға қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа Зеландия билігі Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиадаға қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Жаңа Зеландия вице-премьері Грант Робертсон ақпанда Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына министрлік деңгейдегі дипломаттар жібермейтінін мәлімдеді. Ол бұл шешімді коронавирустың таралуымен және логистикалық қиындықтарымен байланыстырды.

"Онда министрлік деңгейінде болмайтынымызды анық айттық. Бірқатар себептер болды, бірақ негізінен COVID-19-ға және сапар логистикасы мұндай іссапарға қолайлы болмауына байланысты болып отыр", - деді Робертсон.

Реклама
Реклама

Премьер-министр орынбасарының айтуынша, ҚХР-ға Жаңа Зеландияның шешімі туралы қазанда хабарланған. Ол Жаңа Зеландия Қытайды адам құқықтарына қатысты алаңдаушылықтары туралы бірнеше рет хабардар еткенін айтты.

"Қытайға адам құқықтары мәселелеріне қатысты алаңдаушылығымызды бірнеше рет түсіндірдік. Жақында премьер-министр президент Симен сөйлескен кезде де айтылды. Олар біздің адам құқықтарына деген көзқарасымызды жақсы біледі, бірақ қатыспау туралы шешім қабылдадық", - деді ол. 

Бұған дейін Ақ үй өкілі Джен Псаки АҚШ билігі Қытайдағы қысқы Олимпиадаға қатыспайтынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная