23 қыркүйек 2022 08:42

Тарих! Қазақстан Беларусь құрамасын жеңді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 5-туры аясындағы кездесуде Беларусь құрамасын ұтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 5-туры аясындағы кездесуде Беларусь құрамасын ұтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық футболшылар өз тарихында Беларусьті ешқашан жеңіп көрмеген. Ал "Астана Аренадағы" бүгінгі кездесуде Қазақстан құрамасына тек жеңіс қажет болды.

Матчтың 29-минутында Михаил Габышев Рамазан Оразовтың әдемі пасын голға айналдырды. Бірақ командалар үзіліске кетер сәтте Павел Савицкий стандарт кезінде оқшып шығып, баспен дәл соққы жасады. 

Реклама
Реклама

Дегенмен матчтың 79-минутында Бахтиер Зайнутдинов гол соғып, барша қазақстандықты қуантты. Қорытынды есеп - 2:1. 

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының тобында бірінші орын алып, В дивизионына жолдама алды. Одан бөлек, ЕУРО-2024 жолдамасына таласады. Онда Ұлттар лигасы С дивизионындағы әр топта бірінші орын алған төрт команда бір жолдамаға таласады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады