09 қараша 2022 | 13:46

WBA Ербосынұлының жағдайы туралы мәлімдеме жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) комада жатқан қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдай туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) комада жатқан қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдай туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Ұйым оның тезірек сауығып кетуіне сенім білдірген.

"Жексенбіден бастап түрлі хабарламада Ербосынұлының жасанды комаға жатқызылғаны және оның жай-күйі медициналық қызметкерлердің бақылауында екені айтылды. Осы жексенбіде Ербосынұлының проумоутері Suleymen Promotions оның ауруханаға жатқызылғанын растайтын мәлімдеме таратты, ал дәрігерлер оның өміріне төнген қауіп жоғын хабарлады. Айдос келесі екі апта бойы бақылауда болады. Қазір қазақстандықтың командасы оның отбасын құрметтеуді сұрайды. WBA оқиғаны бақылайды және Ербосынұлы тез қалпына келеді деп үміттенеді. Сонымен қатар, барлығынан ол үшін дұға етуді сұраймыз", - делінген ұйым сайтында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, өткен демалыс күндері АҚШ-та супер орта салмақтағы WBA World белбеуін иеленген кубалық Дэвид Моррелге қарсы жекпе-жек кезінде Ербосынұлы 12-раундта нокаутқа кетті. Содан кейін ол комаға түсіп, ота жасалды. Ол Миннесотадағы (АҚШ) ауруханада жатыр.

Еске салайық, бұған дейін нокауттан соң комаға түскен Ербосынұлының жағдайы айтылған еді. Сондай-ақ, оның комаға түсуіне кім кінәлі екені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная