13 тамызға қараған түні метеор ағыны байқалады

©REUTERS

?аза?станды?тар 13 тамыз?а ?ара?ан т?ні "Персеидтер" атты метеор а?ынын ба?ылай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Д?л осы т?нде ол мейлінше к?шейе т?седі. 

Қазақстандықтар 13 тамызға қараған түні "Персеидтер" атты метеор ағынын бақылай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дәл осы түнде ол мейлінше күшейе түседі. 

Биыл анағұрлым қарқынды метеор жаңбырларының бірі саналып отырған бұл құбылыс 8 тамыздан 15 тамызға дейін созылады. Оның ең шарықтайтын тұсы - 13 тамызға қараған түн. "Персеидтер" әлем бойынша байқалады, олар - бір кездері ыдыраған Свифт-Таттл кометасының бөлшегі. 

"Комета ыдыраған кезде алдымен шаң мен метеор бөлшектері Күн төңірегіндегі орбита бойынша бірыңғай қою нәрсе түрінде қозғалады. Жүздеген мың, миллиондаған жыл бойы метеор ағыны бүкіл орбитаға жайылуы мүмкін. Жыл сайын тамыз айында Жер Персеидтер орбитасын кесіп өткен кезде ыдыраған комета бөлшектерімен жолығады. Метеорлар бір нүктеден жан-жаққа ұшқандай болады. Бұл нүкте радиант деп аталады. Ол Персей шоқжұлдызында болғандықтан, Персеидтер деген атауға ие", - дейді қазақстандық астрофизик Виктор Тейфель.

Реклама
Реклама

Ғалымның айтуынша, қалаларда жасанды жарықтың әсерінен метеор ағынын бақылау қиынырақ болады. Аққан жұлдыздарды көргісі келетіндердің қала сыртына шыққаны жөн. Оны түн ортасына қарай аспанның оңтүстік-шығыс бөлігінен бақылауға болады. Персей шоқжұлдызы үлкен бесбұрышқа ұқсайтын Возничий шоқжұлдызы маңында орналасқан.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама