Классикалық тетрис ойынынан Портлендте өткен әлем чемпионатының финалында 16 жастағы Джозеф Сили әлемнің жеті дүркін чемпионы Йонас Нойбауэрды 3:0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Eurogamer.
Әлем чемпионатының ойындары 1989 жылғы тетрис нұсқасында ойналды. Жеңімпаз 2002-ші болып ойынға қосылды. Әр кезеңде қарсыластар үш реттен ойнап, жарысты ұпай саны ең көп киберспортшылар жалғастырып отырды. Осылайша Джозеф Сили мың доллар көлеміндегі ақшалай сыйақыға ие болды.