04 қазан 2018 | 15:20

20 жастағы "Атырау аруы-2015" қатерлі ісікке шалдықты

© Instagram

20 жастағы "Атырау аруы-2015" Гаухар Қасаева қатерлі ісікке шалдықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

20 жастағы "Атырау аруы-2015" Гаухар Қасаева қатерлі ісікке шалдықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ісік Гаухарда 2017 жылы пайда болған, бірақ ол дертті өзі жеңе алмайтындықтан, қазақстандықтардан көмек сұрап жатыр.

Реклама
Реклама

"(...) Отадан кейін терапия алу керектігін айтты, бірақ ондай терапия Қазақстанда қабылданбайды. Ал шетелге баруға қаражат жоқ, сондықтан барлығы сол күйі қалды. Бірақ 10 айдан соң барлығы қайтадан басталды. 2018 жылдың 24 тамызында маған екінші рет ота жасады. Менің жағдайымда химиялық терапия көмектеспейді. Дәрігерлер Қазақстандағы медицинаның маған көмектесе алмайтынын айтады, сол үшін маған жедел түрде Израильге немесе Оңтүстік Кореяға бару керек", - деп жазды Гаухар Instagram желісіндегі парақшасында.

Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Оңтүстік Кореяда орналасқан клиниканы таңдағанын айтты.

"Бір күнде шамамен 1,9 миллион теңге жиналды. Барлығын келісіп қойдық, дәрігерлер бізді қабылдауға дайын. Өзім барам ба, ата-анамның бірі бара ма - әзірше белгісіз", - дейді Гаухар.

Ол қазақстандықтарға қолдау көрсетіп жатқаны үшін алғыс айтты.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Выражаю благодарность врачу от Бога с золотыми руками Хирургу-онкологу @nurlan_baltayev_oncolog и его команде . Это очень замечательный Врач! Врач с Большой буквы! Во-первых Я очень благодарна ему за добросовестный труд, во-вторых за внимательное и чуткое отношение к своим пациентам. И главное - профессионализм, с которым Вы подходите к каждому своему пациенту заслуживает особой высокой оценки. Спасибо Вам огромное!!!! Спасибо, что не остаётесь равнодушным!!! В течение года я находилась под присмотром этого врача. Сейчас в данный момент прошла вторая операция, Ин Ша Аллах все будет хорошо. Аллага шукир.????

Публикация от Касаева Гаухар (@gaukhar_aslt) 2 Сен 2018 в 11:14 PDT

"Әрқашан мықты адам болатынмын, ешкімнен көмек сұрамайтынмын. Отбасыма көмектесу үшін мектеп кезінен жұмыс істедім. Университетте оқып жүріп те жұмыс істедім, оқуымның ақшасын өзім төледім. Ал қазір алғаш рет көмек сұрап жатырмын, бұл дертті өзім жеңе алмай жатырмын. Жасым небәрі 20-да, ұзақ әрі бақытты өмір сүргім келеді", - деп жазды ол.

Айта кетейік, ол өзі осыған дейін Атыраудағы түрлі қайырымдылық акцияларына қатысқан.

"Былтыр "Жүректен жүрекке" және басқа да қорлармен бірігіп, акциялар ұйымдастырған болатынбыз. Кеше сол қорлардың бірі хабарласып, кейінірек, тек дәл қазір көмек көрсете алмайтындарын айтты", -  дейді Гаухар.

Толығырақ мәліметті Гаухардың Instagram желісіндегі парақшасынан көре аласыздар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная