5 жасар қыз өліміне бірнеше сағат қалғанда тұрмысқа шыққан

© wfaa.com

А?Ш-та 5 жасар ?ыз ?зіні? ?ліміне бірнеше са?ат ?ал?анда т?рмыс?а шы??ан. Т?рмыс?а шы?у нау?ас ?ызды? арманы бол?ан, - деп хабарлайды WFAA телеарнасы.

АҚШ-та 5 жасар қыз өзінің өліміне бірнеше сағат қалғанда тұрмысқа шыққан. Тұрмысқа шығу науқас қыздың арманы болған, - деп хабарлайды WFAA телеарнасы.

Бес жасар Мэри Мессей созылмалы өкпе қабынуы (пневмония) мен муковисцидозбен ауырған. Өлім аузында жатқан қыз тұрмысқа шығуды армандаған екен. Содан науқас қыздың ата-анасы оның осы тілегін орындамақ болып, өліміне бірнеше сағат қалғанда ақ көйлек пен тәж алып берген. Ал қыздың сүйіктісі - оның досы, 6 жасар Демиен есімді жігіт болған екен.

Үйлену салтанаты ауруханада өткен. Қыздың сүйіктісі Демиен 5 жасар Мэри Мессейге ұсыныс жасау үшін сонда келген. Салтанатты шарадан кейін олар ата-аналарымен бірге осы мерекені атап өтеді.

Реклама
Реклама

Телеарнаның мәліметінше, үйлену тойынан кейін Мэри алты сағат өмір сүрген. Ал келесі күні таңертең қыз қайтыс болған.


© wfaa.com

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама