50 жастағы миллионер Instagram желісін жарды

Джанлука Вакки. © Instagram.com/gianlucavacchi

Instagram әлемінде тағы бір жұлдыз пайда болды. Джанлука Вакки есімді италиялық миллионер өзінің әсерлі биі арқылы Instagram желісінде күллі әлемге танылды.

Бірнеше күннің ішінде бір жарым миллион рет қаралған видеода, кәсіпкер яхтаның бортында өзінің жас әйелі Джорджия Габриэлемен би билейді. Бұл видеодағы екеуінің жас аралығы емес, Джанлуканың би билеудегі ширақтығы қызығырақ болған. Пікір қалдырушылардың көбісінің айтуынша, ол әлдеқайда жас көрінеді.

Шетелдік БАҚ-тардың мәліметінше, Вакки автотрейлер құрастыратын зауыт пен дәрі-дәрмектің қаптамасын шығаратын компанияны басқарады екен, ал бос уақытында ол жаттығулар жасап дұрыс тамақтануға уақытын жұмсайды. Сонымен қатар, кәсіпкер денеге тату салуға құмар екен, оның денесіндегі суреттерді қолмен санап шығу мүмкін емес. 

Реклама
Реклама


Джанлука Вакки әйелі Джорджия Габриэлемен

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама