71 жастағы Сталлоне кәрілікпен қалай күресетінін айтты

71 жастағы Сталлоне кәрілікпен қалай күресетінін айтты © LIVEstory

Сильвестр Сталлоне 71 жас?а тол?анына ?арамастан жатты?у залында ауыр темір-терсекті к?теріп, жастар?а ?лгі болудан шаршама?анын та?ы бір рет д?лелдеді. Б?л жолы ол 45 келі гантельмен турникке тартылып, Instagram желісіндегі пара?шасында видео жариялады.

Сильвестр Сталлоне 71 жасқа толғанына қарамастан жаттығу залында ауыр темір-терсекті көтеріп, жастарға үлгі болудан шаршамағанын тағы бір рет дәлелдеді. Бұл жолы ол 45 келі гантельмен турникке тартылып, Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялады.

Сондай-ақ ол суретке былай деп жазды: "Тағы бір жеңіл дайындық! Сен өзіңді қаншалықты кәрімін деп сезінсең, дене мүшең де солай қабылдайды. ЛОЛ". 

Голливуд актері спорт залында түсірілген фото мен видеоларды әлеуметтік желіде жиі жариялайды. Алайда, соған қарамастан оны "өліп қалды" дейтін қауесеттер басылар емес. Мысалы, 18 ақпанда актердің обырдан қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Осыны естіген Сталоне дереу жауап қайтарды: "Өтініш мұндай ақымақтықты елемеңіздер... Мен тірімін, бақытты әрі денім де сау... Әлі де күресіп келемін!". 

Реклама
Реклама

 
© Instagram/officialslystallone
 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама