25 сәуір 2019 | 12:28

768 миллион доллар ұтқан америкалық: Қыр соңыңнан бүкіл әлем аңдып жүргендей

Мануэль Франко (ортада). © NBC News/YouTube

АҚШ-тың Висконсин штатында 24 жастағы Мануэль Франко есімді азамат Powerball лотерея ойынынан 768 миллион доллар ұтып алған, - деп хабарлайды New York Daily News.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Висконсин штатында 24 жастағы Мануэль Франко есімді азамат Powerball лотерея ойынынан 768 миллион доллар ұтып алған, - деп хабарлайды New York Daily News.

Оған ақшаны 29 жыл бойы бөліп төлейтін болған, алайда ол ұтыстың біршама бөлігін қайырымдылық қорына жұмсап, өзіне 477 миллион долларды бірден алған. 

Реклама
Реклама

Ер адам өзі туралы мәлімет беруден бас тартқан, қай салада жұмыс істейтіні немесе қандай көлік жүргізетінін жұртшылық білмейді. Ол миллионер атанғалы өмірі үшін алаңдайтынын жасырмады. "Сенің артыңнан бүкіл әлем аңдып жүргендей сезімде болады екенсің. Күн сайын мені біреу аңдып жүрген сияқты. Қолыңда ең қымбат билет болған кезде, барлығы да оны иемденгісі келеді", - дейді Франко. 

Франко өзінен ақша сұрап келушілерге қандай жауап беретінін де ойластырып қойған.

"Мен бұған дайынмын және қалай "жоқ" деп айту керектігін білемін", - деді ол. Алайда ол ұтыстың тағы біршама бөлігін қайырымдылық қорына аударатынын айтады. 

2018 жылы Ұлыбританияда пошта қызметкері лотерея ұтысы арқылы кенеттен байып кетіп, соңында жалғыздықпен күресіп кеткен. Ол зәулім үйін сатып, Аустралияға көшіп, жаңа өмір бастауды ұйғарған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная