24 қазан 2021 | 09:23

8 жастағы бала ҰҚК теңіз шекара қызметіне қабылданды

© 24.kz

Маңғыстау облысының теңіз шекара қызметіне 8 жастағы бала қабылданды, - деп хабарлайды "Хабар 24"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының теңіз шекара қызметіне 8 жастағы бала қабылданды, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Телеарна мәліметінше, Ұлан Тілеухан шекара қызметінде өзін жақсы қырынан көрсетіп үлгерген. 

"Маған теңізшілер, теңіз бен кеме ұнайды. Теңізшілермен кемеде осымен үшінші рет бардым. Теңізші болғысы келетін достарым бар. Оларға менің киімім ұнайды", - дейді Ұлан. 

Реклама
Реклама

Кемеде жас теңізшіге туды көтеріп, картаны зерттеп, бақылау жүргізіп, уақытты өлшеп отыру жұмысы табысталған. Кеме теңізшілері мен командирі үшін Ұлан көмекшіге де, досқа да, бойтұмарға да айналған.  

Мектеп оқушысын ата-анасы да қолдап отыр. Болашақта ол шекара қызметінде жұмыс істегісі келеді. Ұлан олар теңізді қорғап қана қоймай, браконьерлерді ұстайды, ал бұл Каспийдегі жануарлар дүниесін қамқорлыққа алу деген сөз екенін айтады.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная