80 жастағы ерлі-зайыпты мерейтойларын ерекше стильде атап өтті

Америкалық 80 жастағы ерлі-зайыпты үйленгендеріне 60 жыл толған мерейтойларын ерекше атап өтті. Олар "Вверх" анимациялық фильміндегі әуенді пианоно арқылы орындады, - деп хабарлайды Газета.Ru.

50 мың көрілім жинаған роликті ерлі-зайыптының немерелері, YouTube сайтының танымал блогері Джейсон Лайл Блэк жариялаған.

Реклама
Реклама

"Вверх" фильміндегі алғашқы 15 минут естеріңізде ме? 80 жастағы бұл ерлі-зайыпты 60 жылдық мерейтойға орай пианиноны төрт қолмен ойнады", - деп жазылған бейнебаянның сипаттамасында. Блэк туыстары үшін әнді өзі өңдегенін жазды. Блогердің айтуынша, ол атасы мен әжесінің дуэтіне бала кезден қызығады. 

Айта кетейік, "Вверх" анимациялық фильмі Пит Доктердің мансабындағы ең ұлы туындылардың бірі. Картина әлемдік прокатта 700 миллион доллардан аса қаражат жинап, "Оскар" жүлдесін алды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама