92 жастағы кейуана жүгіруден рекорд жаңартты

92 жастағы кейуана жүгіруден рекорд жаңартты Харриетт Томпсон. © Kc Alfred / UT San Diego / Zumapress.com / Global Look Press

АҚШ-та 92 жастағы кейуана марафон рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Lenta.ru BBC News басылымына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, Харриетт Томпсон (Harriette Thompson) марафон қашықтығын сәтті жүгіріп шыққан ең кәрі әйел атанды. Ол Сан-Диего марафонын 7 сағат 24 минут 36 секундта жүгіріп өтті. Оның жанында 56 жастағы ұлы Бренни болды.

"Рекорд жаңарған кезде Томпсонның жасы 92-ден 65 күн асты. Бұған дейінгі рекорд иесі Глэдис Бэрриллдің (Gladys Burrill) жасы 92-ден 19 күн асқан болатын. Ол 2010 жылы Гонолулу марафонын жүгіріп өтті", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Томпсон ауыз қуысының обырымен үш мәрте күресіп, ақырында жазылып кеткен.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама