Әйелі күйеуінің ойнас қылғанын тотықұс арқылы білген

© http://metro.co.uk

?й ?ызметшісімен ойнас болып ж?рген к?йеуіні? ??пиясын тоты??с жария етті. Ол отбасы м?шелері ?йде бол?ан кезде ер адамны? ашынасына айт?ан с?здерін ?айтала?ан, - деп хабарлайды Metro.

Үй қызметшісімен ойнас болып жүрген күйеуінің құпиясын тотықұс жария етті. Ол отбасы мүшелері үйде болған кезде ер адамның ашынасына айтқан сөздерін қайталаған, - деп хабарлайды Metro.

Оқиға Кувейтте болды. Әйел адам ерінің жасырын түрде басқа біреуге барып жүргенін сезіктенген, алайда нақты бір дәлелі болмаған. Бір сәтте тотықұс күн сайын жүрекжарды сөздерді айта бастаған. Бұл сөздерді әйел адам күйеуінен естімегелі жылдардың жүзі болған. 

Алданған әйел полицияның көмегіне жүгінген, себебі Кувейтте көңілдес болу заң тұрғысынан қудаланады. Алайда күйеуінің бақытына орай, судья тотықұстың айтқандарын дәйек ретінде қолданудан бас тартқан, себебі ол бұл сөздерді радиодан немесе теледидардан естуі мүмкін. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін АҚШ-та тотықұс адам өлтіру ісінің куәгері болды

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама