Әйелінен жасырып, тоқалымен некесін қиюға келетіндер бар - АХАТ қызметкері

Иллюстрациялық сурет © kindnessblog.com

Алматыны? АХАТ б?лімінде е? ?ыс?а уа?ыт?а тіркелген неке туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Т?рксіб ауданыны? АХАТ жетекшісі Жанна Д?йсенбаеваны? с?зінше, отбасы бір к?ннен кейін ажырасып кеткен. 

Алматының АХАТ бөлімінде ең қысқа уақытқа тіркелген неке туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түрксіб ауданының АХАТ жетекшісі Жанна Дүйсенбаеваның сөзінше, отбасы бір күннен кейін ажырасып кеткен. 

"Үлкен той болды. Бірнеше жыл бұрын болған. Мыңға жуық қонақ болды. Алматылықтар, дәулетті отбасылар. Таңғысын ажырасуға арыз беріп келіпті, өзара бір сыйлықтарды бөлісе алмай қалған екен. Осындай жағдай болған", - дейді Дүйсенбаева. 

Сонымен қатар, ол үйленген ер адамдар жас қыздармен некесін қиюға келетіндігін де айтты. 

Реклама
Реклама

"Әйелдерінен жасырып, тоқалдарымен некесін қиюға келеді. Оның үстіне діни ұстанымдары бар адамдар. Әрине алдымен мәлімет базамыз арқылы тексереміз, сосын олардың өтінішін кері қайтарамыз. Әйелдері барын жасырып, өзге әйелдермен некесін қиюға тырысқандар да болды. Оларды тоқтатып отырдық, бұл үшін жауапкершілік барын ескертеміз. Осыдан кейін беттері қайтатын", - деп атап өтті Жанна Дүйсенбаева.

Отбасыны қалай сақтап қалуға болады? Маман кеңесі

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама