17 ақпан 2017 | 22:36

Әжесі мен немересі алты жыл бойы жертөлелер мен жетімдер үйін паналап жүр

© Tengrinews.kz

Қарағандыда зейнеткер Сайран Әбенова ата-анасыз қалған немересімен алты жыл бойы тұрақты баспана таба алмай, бір орыннан екіншісіне көшіп жүруге мәжбүр. Қарағандылық әжейге есімін жариялағысы келмеген әйел көмек қолын созып отыр. Ол пәтер ақысын жарты жыл төлеп тұруға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда зейнеткер Сайран Әбенова ата-анасыз қалған немересімен алты жыл бойы тұрақты баспана таба алмай, бір орыннан екіншісіне көшіп жүруге мәжбүр. Қарағандылық әжейге есімін жариялағысы келмеген әйел көмек қолын созып отыр. Ол пәтер ақысын жарты жыл төлеп тұруға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 жастағы Диана 2014 жылы ата-анасынан айырылған. Немересін әжесі Сайран қолына алған. Әжейге қызды балалар үйіне өткізіп тастаған дұрыс болады дегендерде табылған екен. "Біз 16 ықшамауданда тұрдық, мен аула сыпырушы болдым. Басында 300, сосын 500 теңге нәпәқа тауып отырдым. КСК өкілі үнемі қарайласып жүретін. Қызым қайтыс болған соң, бос тұрған пәтерге кіріп, өз атымызға жазып алуды ұсынған", - дейді зейнеткер. 

Реклама
Реклама

Әжейдің сөзінше, пәтер 10 жылдай қараусыз болған, сондықтан жөндеуді қажет ететін. Әйел өз күшімен есік, терезесін салып, коммуналдық қарызын төлеп, ескі құбырларын ауыстырған. "Осы уақыт бойы пәтерді атыма ауыстырғым келді, әрдайым түрлі анықтама алып кел деп шығарып салады. көмектесеміз деп уәде береді. Сосын ТКШ басшысы ауысты да біз туралы бәрі ұмытып кетті", - дейді Сайран апа.

Ал 2011 жылы пәтердің бұрынғы иесі қайта келіп, пәтерді босатуын талап етті. Әбенова сотта ұтылып қалды. "Қараңғы түнде полицейлер келіп, заттарыңды жиыңдар деді. Кішкентай бала барына қарамастан, дөрекілік танытты", - дейді әжей. Келесі он күнді бұл отбасы жертөледе өткізген. Сосын пәтер жалдайды. Бірақ пәтергеақысын төлеу қиынға соқты, сол себепті әжей шенеуніктерге көмек сұрап жиі баратын. 2016 жылдың көктемінде оларға "Жетімдер үйәнәі" бір бөлмесіне тұруға рұқсат етеді. Ол жерде де коммуналдық қарызды өтеу керек болатын. Дегенмен әжей мен кішкентай қызды ол жерден де қуып шыққан.

 

"Бізге бес адм келді, араларында ТКШ қызметкері бар. Қараңғы түсіп кеткеніне қарамастан бізді қуып шықты, бұл жерде соғыс ардагері тұру керектігін айтты. Көз жасымызды тыя алмадық. Сосын көрші пәтерге тұруға рұқсат берді", - дейді Сайран апа. Енді бұл жерде де немересі мен әжесі көпке дейін тұрақтай алмайды. "Бұл жерде үнемі тұра бере алмайсыңдар дейді, күн жылыған соң кетуіміз керек екен", - деп мұңын айтты әжей. Әже мен немересін қуып шыққан пәтердің осы күнге дейін бос тұрғанын айта кету керек.

Қазіргі кезде қарағандылықтар әлеуметтік желі арқылы әжесі мен немересіне қалай көмектесу керек екенін талқылап жатыр.  


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная