27 наурыз 2017 | 14:16

Әкесі мен қызының көңілді биі түсірілген видео Қазнетті жаулап алды

Видеодан алынған кадр

Әкесі мен қызының биі түсірілген видео Қазнетті жаулап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бидің видеосы Instagram желісіндегі парақшаларда пайда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әкесі мен қызының биі түсірілген видео Қазнетті жаулап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бидің видеосы Instagram желісіндегі парақшаларда пайда болды.

Роликтің 24 наурызда Алматыдағы үйлену тойларының бірінде түсірілгені белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісі видеода билеп жатқан әкесімен және қызымен байланысқа шықты.

Реклама
Реклама

Алматының 42 жастағы тұрғыны Ерлан бұл бидің ойламаған жерден болғанын айтады. "Ойламаған жерден биледік, биді алдын ала дайындаған жоқ. Қызым тек менің қимылдарымды қайталап тұрды", - дейді видеодағы ер адам.


Отбасы мұрағатынан алынған сурет.

Ер адамның айтуынша, ол биге аса мән беріп, онымен айналысқан емес. Ал қызы осымен бірнеше жыл бойы бимен айналысады екен. Сондай-ақ, ол 18 жастағы Даяна есімді қызының түрлі роликтерді жиі түсіретінін айтты.

"Мен бимен айналыспаймын және айналысқан да емеспін. Ал қызым 14 жасынан бері "Blockbuster Dance Academy"-да айналысып жатыр. Қызымызбен бұрыннан видео түсіреміз. Әзірше бізді көшеде танып жатқан жоқ. Ал шынайы өмірде мен бизнесменмін, видеобақылаумен айналысамын. Қызым 1-курс студенті, кәсіпқой биші", - дейді ол.

Айта кетейік, кейбір қолданушылар бұл биге тәнті болып, "супер әке" деп атап жатса, кейбіреулері "ата-анасынан ұялмай ма" деп пікір қалдырып жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная