ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қараша 2020 | 14:56
Әкім мен ақсақалдар "жолдағы әруаққа" бола құрбан шалды
Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімі жергілікті тұрғындармен бірге жолда көрінетін елеске байланысты қойды құрбандыққа шалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімі жергілікті тұрғындармен бірге жолда көрінетін елеске байланысты қойды құрбандыққа шалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаратөбе ауданындағы Ханкөл аулының тұрғындары елді мекеннің маңында ақ шашты әйел адамның елесі жүргенін айтады. Ол адамдардың есін шығарған. Жергілікті тұрғындар дүлей күштен арылу үшін садақа берген.
"Ақ шашты жас әйел жолдың бойында жүреді. Адамдар қатты қорқып қалған, ер адамдар қорыққанынан жылап жібереді", - дейді жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде.
Тағы бір тұрғынның сөзінше, жүргізушілердің бірінің көлігіне ақ шашты әйел адам отырып алып, көлікті басқаруына кедергі жасаған.
"Қарсы беттен келе жатқан ауыржүктасығыш көлікпен соқтығыса жаздады. Әйел адам бірден жоғалып кеткен. Жүргізуші ауылға барған, бірақ жергілікті тұрғындар елесті көрмеген. Адамдар Құран оқи бастады", - дейді ол.
Артынша Желіде Қаратөбе ауданында түсірілген видео пайда болған. Оның монтаждалғаны я шын видео екені әлі белгісіз.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Оқиғаға қатысты Жусанды аулының әкімі Талап Қазиев ойын айтты. Ол жергілікті тұрғындармен бірге садақа берген.
"Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші ауыржүктасығыш көлікпен соқтығыса жаздаған. Бірақ мен де осы көшемен өтемін, ештеңе көрмедім. Адамдар асыра сілтеуі мүмкін, бірақ елес туралы әңгіме көп айтылатын болды. Сондықтан біз садақа беріп, малды құрбандыққа шалып, қойды тұрғындармен бірге сойдық", - дейді әкім.
Айта кетейік, бұл Қазақстандағы елестер туралы жалғыз әңгіме емес. Мысалы Алматыда Қапшағай трассасында тұратын елес қыз туралы аңыз тарап кеткен. Елес жүргізушілерді тоқтатып, көлігіне отырып, үйдегілерге хабарласуын сұрап, жағдайы жақсы екенін жеткізуді өтінеді екен. Алайда қыздың туыстары оның қайтыс болып кеткенін айтады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также