28 қаңтар 2020 | 15:07

Ақмола облысында түсірілген сурет Желіде қызу талқыланып жатыр

Ақмола облысы. Әлеуметтік желіден алынған сурет

Әлеуметтік желі қолданушылары Ақмола облысында қар басқан ауылда түсірілген суреттер мен видеоларды таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желі қолданушылары Ақмола облысында қар басқан ауылда түсірілген суреттер мен видеоларды таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Таралып жатқан хабарламада суреттер мен видео Нұр-Сұлтанға жақын маңдағы Талапкер ауылында түсірілгені айтылады. Онда адамдар қарға көмілген көліктерін шығарып жатыр. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Желіде қар құрсауында қалған адамдарды эвакуациялау видеосы жарияланды. 

Ақмола облысының әкімдігі өңірде расында табиғат дүлейімен күрес жүріп жатқанын айтты. 

"Менің білуімше, суретте республикалық тасжолдың бойындағы жер. Дегенмен, бізде елді мекендерде осындай жағдай бар және ол әлі сақталады. Тіпті ТЖ режимін жариялау керек еді, бірақ ресми растау болған жоқ. Бізде барлық техника бар, жұмыс істеп жатыр", - деді облыс әкімі аппаратының ақпарат-ұйымдастыруды бақылау бөлімінің бас инспекторы Мырзабек Мырзахметов.

Ол мұндай жағдай облыстың барлық аймағында сақталатынын айтты. 

"Бұл тек Целиноград ауданында ғана емес. 10 жылдай болды мұндайды көрмегеніме. Бізде Нұр-Сұлтан - Щучинск тасжолынан Ақкөл қаласынан Шортандыға дейін қар басқаны есімде, бірақ тасжолдың осынша қар көміп қалғаны есімде жоқ", - дейді ол.

Сондай-ақ, ол осы мәселенің шешіліп жатқанын айтты. 

"Негізгі басымдық - тіршілікті қамтамасыз ету жұмыстары үшін магистрал тасжолдарын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, өздеріңіз білетіндей, Нұр-Сұлтан әскері қосылды. Басты мәселе - тасжолдарды тазалау, кептелістерді болдырмау, содан кейін ауыл жолдары тазаланады. Тұрғындар да көмектесіп жатыр", - деді Мырзабек Мырзахметов.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Ақмола облысында қаңтардың 26-нан 27-не қараған түні облыстағы тасжолдардың бойында қар құрсауында қалған 138 адам, оның ішінде 13 бала құтқарылған. 

Сонымен қатар, автожолдардың жабылуына байланысты Ақкөл және Бурабай аудандарындағы жылыту пунктеріне 68 адам эвакуацияланды, оның екеуі бала.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная