13 қазан 2018 | 15:44

Ақмола облысының полицейлері ер адамды құтқару үшін өртенген үйге екі рет кірді

видеодан алынған кадр

Ақмола облысының полиция қызметкерлері ер адамды өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіндегілерге сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының полиция қызметкерлері ер адамды өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіндегілерге сілтеме жасап. 

Оқиға 12 қазанда Заураловка ауылында болған. Полиция капитаны Мади Бейсамбаев пен Азамат Қазыбаев жұмыс уақытында үйлердің бірі өртке орана бастағанын көріп қалған. Өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалып, өздері үйдің ішінде көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге кеткен. 

Реклама
Реклама

"Үйдің есігін бұзып кірсе, дәлізде ер адам ес-түссіз жатқанын және денесі күйік алғанын көріп оған жедел медициналық көмек көрсеткен. Оны үйден шығарып, тағы біреулер болуы мүмкін деп қайта оралса, газ баллонын көрген. Полицейлер жарылыстың алдын алу үшін оны қауіпсіз қашықтыққа дейін шығарған", - деді полицейлер. 

Үйдің иесі Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 


Облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы полиция капитаны Мади Бейсембаевты және полиция капитаны Азамат Қазыбаевты марапаттау туралы шешім қабылдайтыны анықталды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная