ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қараша 2016 | 14:53
АҚШ-тың бірінші ханымы туралы қызық деректер
Республикалық партия атынан сайлауға түскен Дональд Трамп күтпеген жерден жеңіске жетті. Енді АҚШ-тың бірінші ханшайымы бұрынғы модель Меланья Трамп болады. Tengrinews.kz редакциясы Американың жаңа президентінің жұбайы туралы қызықты деректер жинады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Республикалық партия атынан сайлауға түскен Дональд Трамп күтпеген жерден жеңіске жетті. Енді АҚШ-тың бірінші ханшайымы бұрынғы модель Меланья Трамп болады. Tengrinews.kz редакциясы Американың жаңа президентінің жұбайы туралы қызықты деректер жинады.
46 жастағы Меланья Трамп бұрын Меланья Кнавс болған. Ол Словенияда дүниеге келіп, Нью-Йоркте модель ретінде жетістікке жетеді де, 1999 жылы Трамппен танысады. Осылайша, Трамп шетелде туған жұбайы бар президенттер тізімінде екінші адам болып отыр. Біріншісі АҚШ-тың алтыншы президенті Куинс Адамс болған, оның әйелі Луиза Адамс Англияда дүниеге келген екен.
Олардың арасындағы байланыс Кнавстың Трамппен бірге The Howard Stern Show радио-шоуы кезінде беки түсті, ол жерде Трамп өзінің өмірлік махаббаты туралы хабарлайды. Осыдан кейін Кнавстың танымалдығы артып, ол ұлыбританиялық GQ журналымен жұмыс істей бастайды да, осы басылым үшін шешініп түскен суреттері 2000 жылғы қаңтар айының басылымында жарияланды. Осылайша, ол АҚШ президентінің жалаңаштанып түскен алғашқы әйелі болып отыр.
Трамп және Кнавс 2005 жылы 22 қаңтарда отбасын құрады. Үйлену тойында қалыңдық құны 100 мың АҚШ доллары болған көйлек киген екен. Айта кететін тағы бір жайт, тойда АҚШ-ың бұрынғы президенті Билл Клинтонның жұбайы Хиллари қонақ болған.
2006 жылы 20 наурызда дүниеге ұл бала келіп, оның атын Бэррон Уильям Трамп қояды. Бэррон Дональд Трамптың бесінші баласы.
2010 жылы ақпан айында Меланья Трамп жеке дизайндағы зергерлік бұйымдар топтамасын шығаратынын жария етті.
Мұның алдында Меланья Трамп бірінші ханым болса, немен айналысқысы келетіндігін айтқан екен. Ол өзін әйелдер мен балалар құқығын қорғайтынын айтқан. Оның сөзінше, негізгі басымдықты ол балалар мен жасөспірімдерді қатарластары тарапынан әлеуметтік желі арқылы тиісуден қорғауға бермек.
Показать комментарии
Читайте также