05 қаңтар 2021 | 22:33

Ақтауда әскерге шақыру пунктінен қашқан жігіт әрекетін түсіндірді

Ақтауда әскерге шақыру пунктінен қашқан жігіт әрекетін түсіндірді, қашуға әрекет жасағаны үшін ол жазаланбайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда әскерге шақыру пунктінен қашқан жігіт әрекетін түсіндірді, қашуға әрекет жасағаны үшін ол жазаланбайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Сейтек Шамшырақов оқиғаның мән-жайын айтты.

Реклама
Реклама

"Қашу әрекеті жастар автобусқа отыра бастағанда болды. Бұл кезде әскерге шақырылушы қашуға әрекет жасады. Кейін ол бұл ісін пакетім қалып кетті деп түсіндірді. Ол кешірім сұрады. Қашуға әрекеттенгені үшін жазаланбайды, себебі ол әлі ант берген жоқ. Оған түсіндіру жұмысы жүргізілді", - деді Шамшырақов.

Оның айтуынша, қашқан жігіт Ақтөбе облысында борышын өтейді. 

Еске салайық, Ақтауда әскерге шақырылушы автобусқа отырғызу сәтінде қашуға әрекет жасаған. Жігіт қақпадан шығып кеткен, артынан әскери комиссариаттың екі қызметкері қуған, олардың бірі сүрініп құлағаны да видеоға жазылған.

Ақтау қалалық полиция басқармасының патрульдік батальон экипажы оны қуып жетіп, пунктке жеткізген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная