Ақтауда "ит төбелесі" видеоға түсірілді

Ақтауда "ит төбелесі" видеоға түсірілді видеодан үзінді

Ақтауда ит төбелесінің видеосы Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда ит төбелесінің видеосы Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8 ақпанда куәгер "Каспий" спорт кешенінің аумағында ит төбелесін видеоға түсірген. Желі қолданушылары "Каспий" спорт кешенінің аумағында ит төбелесі ұйымдастырылатынын болжады. 

Реклама
Реклама

Полиция өкілдері бұл ақпаратты растамады және оқиғаның мән-жайын түсіндірді. 

"Ер адам өз итімен "Каспий" спорт кешені стадионында серуендеп жүрген. Төбеттің шылбыры мен тұмылдырығы болмаған. Осы кезде көше иттері оның төбетіне жабылған. Сол жерден жігіттер өтіп бара жатқан. Дәл осы сәт видеоға түсірілген. Осыдан кейін ит төбелесі ұйымдастырылды деген ой туындаған. Алайда мұнда ешқандай төбеттерді айтақтау болмаған. Ер адам итін жұлып алып, үйіне кеткен", - деп түсіндірді облыстық ПД өкілдері. 

Баспасөз қызмтеінің өкілдері ер адамның ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша жауапқа тартылғанын айтты. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама