Ақтауда тойға залына кіргізілген ат қонақтарды әбден әбігерге салды

Ақтауда тойға залына кіргізілген ат қонақтарды әбден әбігерге салды

?леуметтік желіде той залына кірген атты? ?ркіп, той ?она?тары мен иелерін ?бден ?бігерге сал?аны т?сірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде той залына кірген аттың үркіп, той қонақтары мен иелерін әбден әбігерге салғаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook желісінде пайда болған видеоның сипаттамасына қарағанда, оқиға Ақтауда болған. Кадрлардан мейрамханаға үстінде ұлттық киім киген бала отырған жылқының кіргенін көруге болады. Соған қарағанда бұл сүндет той сияқты. Атты ер адам алып келе жатады. Бірер сәтте ат үркіп, дастархандарды қирата шауып кетеді. Абырой болғанда, баланы ересек адамдар түсіріп алады. Кадр сыртындағы дауыстарға құлақ ассақ, бала шошып қалғанға ұқсайды.

Жарнама
Жарнама

Видеоның қашан түсірілгені белгісіз.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама