09 тамыз 2019 12:45

Ақтөбе облысындағы ауылда Bentley Continental GT автомобилін тастап кеткен

Ақтөбе облысындағы Жамбыл кентінің маңында белгісіз біреулер қалдырып кеткен Bentley Continental GT автомобилінің суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы Жамбыл кентінің маңында белгісіз біреулер қалдырып кеткен Bentley Continental GT автомобилінің суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұл көліктің бағасы комплектациясына қарай 67 144 000-120 344 000 теңге аралығында.

Реклама
Реклама


Bentley Continental GT

4 тамыз күні Әйтеке би полиция бөлімінің кезекші бөліміне ҰҚК Шекара қызметінің ВЧ-2030 кезекшісінен Ресей аумағы жағынан дала жолымен шамамен 14.20-да Қазақстан шекарасынан Ресей нөмірі бар Bentley Continental GT автомашинасын заңсыз кесіп өткені туралы хабарлама келіп түсті. Машина Қарабұтақ кентіне қарай бара жатқан.


Bentley Continental GT

Полиция қызметкерлері Әйтеке би ауданы Комсомол ауылынан 35 шақырым жерде Қарабұтақ - Қостанай тас жолының маңынан темір жол өткелінің жанында табылды.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ақпараты бойынша, Ресейдің көршілес Орынбор облысына автокөлік иелерін анықтау үшін сұраныс жіберген. Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram