07 наурыз 2020 | 11:16

Ақтөбе тұрғыны Mitsubishi-ден алты дөңгелекті жол талғамайтын көлік құрастырды

Сурет: kolesa.kz

Ақтөбе тұрғыны Mitsubishi-ден алты дөңгелекті жол талғамайтын көлік жинап шықты, - деп хабарлайды kolesa.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе тұрғыны Mitsubishi-ден алты дөңгелекті жол талғамайтын көлік жинап шықты, - деп хабарлайды kolesa.kz.

Ақтөбе тұрғыны 1997 жылғы Mitsubishi Delica көлігін қайта жасап, өзгертті. Енді бұл жол талғамайтын автокөлік кез келген қиындықтан еркін өте алады. Mitsubishi иесі оны сатуға қойған.

Реклама
Реклама

Хабарландыру мен суреттерге қарағанда, көлікке төмен қысымды алып шиналар орнатылған. Әрбір дөңгелектің диаметрі 1 метрден асады, ал ені 50 сантиметр. Мұндай өзгерістер енгізу үшін жылжымалы есікті алып тастауға тура келген. Ол ашылмайды, ал демалу және балық аулау үшін жабдықталған салонға жүксалғыш немесе жолаушы есігі арқылы кіреді.

Суреттер: kolesa.kz

Хабарландыру авторының айтуынша, көлік тіркелген және жалпы қолданыстағы жолдармен жүре алады. Ол көлік үшін 5 миллион теңге сұрап отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная